"Тиімді әдіс- тәсілдер- сапалы білім берудің кілті" тақырыбында семинар өтті.
Дата: 2022-11-23 13:21:53
Қазіргі таңда әр ұстаздың алдына қойылып отырған міндеттердің бірі- оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Мектептің әдістемелік жұмыс жоспары бойынша 2-қараша күні мектеп педагогтарына "Тиімді әдіс- тәсілдер- сапалы білім берудің кілті" тақырыбында семинар өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері Бакирова Г.М., Токабаева С.С., Разахберлі А.Қ. өздерінің сабақ үдерісінде қолданатын жаңа әдіс- тәсілдерімен бөлісті. Мектеп психологы Сагымбекова Д.Ж. педагогтың мінез-құлқын анықтау мақсатында жас мамандарға арналған "Методика АРТ" әдістемесін жүргізді. Директордың ОІЖ орынбасары А.Б. Башарова мен бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Серикбек Г.О. "Топтық жұмыста қолданатын стратегиялар мен әдіс-тәсілдер" тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Амирбаева С.С. оқушылардың жаратылыстану пәнінен зерттеу дағдыларын қалыптастыру бағытында жасаған жұмыстарын көрсетті. Семинар соңында әр педагог бүгінгі күннен алған әсерлерін, ұйымдастырушы педагогтарға ұсыныстары мен тілектерін айтып кері байланыс берді. Семинарды ұйымдастырған бастауыш сынып ұстаздарына шығармашылық табыс тілейміз!