"Оқуға құштар мектеп" жобасы

Дата: 2022-11-17 19:11:38

2022 жылдың 15 қарашасы күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ізден,талаптан,оқырман" тақырыбында мектебіміздің кітапханашысы Казбекова Б.К. 8АБ сыныптары арасында "Әдеби джем" ойыны өткізді. Мақсаты: өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, көркем шығармаларды оқуды насихаттау, кітапханаға келуші оқырман санын арттыру.