Ақын Нұрдос Кәрім Маратұлымен кездесу

Дата: 2022-11-17 18:27:50

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі" КММ -де облыстық "Өнегелі өмір" жобасын іске асыруда және оқушыларға мамандық таңдауда бағыт -бағдар беру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу қонағы жергілікті ақын Нұрдос Кәрім Маратұлы. Кездесу Балқаш қаласындағы Жидебай батыр ескерткішінің орнатылуы туралы бейнероликті көрсетуден басталды. Оқушылар өздерін ойландырып жүрген сұрақтарға жауап алды. Ақын өлең оқып, мектеп оқушыларына тілек білдірді. Кездесу қызықты,мағыналы өтті.