"Қазақмыс" корпорациясының политехникалық колледжінде мектепішілік пәндік олимпиада

Дата: 2022-11-17 18:08:39

2022 жылдың 10 қарашасында кәсіби бағдар беру бойынша  Ы. Алтынсарин атындағы N25  ЖББ мектебінің  9 сынып оқушылары Балқаш қаласы  "Қазақмыс" корпорациясының политехникалық  колледжінде мектепішілік пәндік олимпиадаға қатысты. Пәндік олимпиада - бұл нақты материалды білуді ғана емес, сонымен қатар бұл білімді, шығармашылық ойлауды қажет ететін жаңа стандартты емес жағдайларда қолдана білу қабілетін ашуға мүмкіндік беретін, белгілі бір ғылыми саладағы оқушылар арасындағы интеллектуалдық жарыстың бір түрі. Пәндік олимпиадалар кәсіптік бағдар беру саласында жастарға білім беру бағдарламаларын тиімдірек іске асыру үшін жағдай жасау мақсатында өткізіледі. Оқушыларға арналған пәндік олимпиада 5 пән бойынша кешенді тестілеу түрінде өткізілді: математика, физика, химия, тарих, информатика. Олимпиадаға 9 - сынып оқушылары Тлеуғабыл Әлихан, Бахытхан Айдын қатысты. Олимпиадаға қатысқан оқушыларға сертификат тапсырылды.