Прагадағы Чех техникалық университетінің ресми серіктесі Астана қаласындағы UniShool халықаралық мектебінің өкілдері

Дата: 2022-11-17 18:03:28

2022 жылдың 07 қарашасында кәсіби бағдар беру мақсатында Прагадағы Чех техникалық  университетінің ресми серіктесі Астана қаласындағы UniShool халықаралық мектебінің өкілдері  "Ы. Алтынсарин атындағы N25  ЖББ мектебінің   10-11 сынып оқушыларымен  кездесті. Кездесуде UniShool халықаралық мектебі Прагадағы Чех техникалық университетінің ресми серіктесі болып табылатыны туралы, оның негізінде Чех Республикасының мемлекеттік университеттеріне түсуге арналған жыл сайынғы дайындық курстары тегін өткізілетіні туралы мәлімет берді. Сондай-ақ университетке түсу үшін ең алдымен жыл сайынғы дайындық курсынан өту керек. Бағдарламаны аяқтағаннан кейін сертификат алады, қалаған мамандығына оңай түседі және Чехияда мүлдем тегін жоғары білім алады. Өтініштер мамыр айының соңына дейін қабылданатыны туралы айтып өтті.