Ә.Мусин атындағы гуманитарлы - техникалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынама

Дата: 2022-11-17 17:58:27

2022 жылдың 04 қарашасында кәсіби бағдар беру мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы N25  ЖББ мектебінің  9 сынып оқушылары қаладағы Ә.Мусин атындағы гуманитарлы - техникалық  колледжінің ұйымдастыруымен өткен кәсіби сынамаға қатысты. Колледж үш бағытта жұмыс жасайды: педагогикалық, техникалық және экономикалық мамандықтар. Мақсаты: сапалы білім беріп қазіргі нарықты заманға керекті маман иелерін дайындап шығару. Колледж оқытушылары өз мамандықтары жайлы айтып, қазіргі заманға сай жасалған  теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастырып және қозғалысты басқаруды  оқу дәрісханасында көрсетті.