"Парасатты азамат" бұрышы

Дата: 2022-11-15 17:11:19

Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Адал  Ұрпақ»  еріктілер клубында  іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жасалуда.  Клуб мүшелері  7-11 сынып  оқушыларынан  құралған. Мектепте оқушылар, педагогикалық ұжым, жалпы азамат үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Парасатты азамат» тақырыбында бұрыш жасалған. «Парасатты  азамат» бұрышы мектептің бірінші қабатында орналасқан. Бұрыштың мақсаты:  жас  ұрпақты Отансүйгіштікке,  азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне  құрметпен қарауға, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға, адалдыққа  тәрбиелеу.