Адалдық дүкені

Дата: 2022-11-15 14:48:41

Білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, мектеп оқушыларының бойына адалдық, шыншылдық қасиеттерді сіңіру мақсатында мектебімізде “Адалдық дүкені” жұмыс жасауда. Ерекшелігі, сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсетеді.
Мұнда сатушы да, бейнекамера да, күзетші де жоқ. Барлығы сенім мен адалдыққа, адамның тәртібі мен ұятына негізделген. Өскелең ұрпақты жақсы қасиетке баулуды көздеген бұл жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға да оң әсер етеді. Мұнда оқушыларға қажетті оқу құралдары қойылған.
"Адалдық дүкені" жобасының мақсаты - қоғамда сенім атмосферасын құру, білім алушыларға өзін адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру. Барлығы тек адалдық принципіне негізделген. Мұндай дүкендер "сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті" қалыптастыруға көмектесетіні сөзсіз.