Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық керуен
Дата: 2022-11-15 13:33:55
2022 жылдың 7 қазанда Балқаш қаласы "Қарағанды облысының білім басқармасы" ММ, "Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы" ЖҚБ, "Сарыарқа адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ұйымдастырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық керуенді қабылдады. Жобаның спикерлері қаланың 12 білім беру ұйымдарында педагогтар, оқушылар мен ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта семинарлар, тренингтер өткізді.
Барлық іс-шаралардың мақсаты рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие контекстінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, өскелең ұрпақтың азаматтық белсенді ұстанымын, елдің дамуы үшін жауапкершілік сезімін және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеяларын қалыптастыру.