Размер шрифта:

«Мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетіндегі АКТ құзыреттілігі» тақырыбында баяндама

Дата: 2022-06-02 00:20:23

Мамыр айының 16-сы күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен Қарағанды облысы педагогтерінің «ХХІ ғасырдың дағдылары»: білім берудегі жаңа тенденциялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-нің әдіскері Мухаметжанова Ж.С. және «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-нің информатика пәні мұғалімі Имашова М.Б. «Мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетіндегі АКТ құзыреттілігі» тақырыбында өз баяндамаларын оқыды.

Баяндамада ұстаздардың АКТ-құзыреттілігін арттыру мақсатында қалалық деңгейде оқу жылының басында мұғалімдерден алынған сауалнаманың нәтижесі шығарылып, соның негізінде жоспарланып, жүргізіліп жатқан күздік, қыстық және көктемдік мектептерде өз тәжірибесімен бөліскен ұстаздар аталып өтті.

Қала мектептерінің пән мұғалімдеріне осындай семинарлар, шеберлік сыныптарын өткізу арқылы олардың АКТ-құзыреттілігін арттыруда өз септігімізді тигіздік деп ойлаймыз.

2021-2022 оқу жылының соңында жыл басында алынған сауалнаманы қайтадан қайталап мұғалімдердің деңгейін тағы да бір сараптап, келер оқу жылына жаңа жоспар құрылады. Бұл жұмыс түрі үздіксіз және күн тәртібінен түспейтін мәселе. Себебі, сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Сонымен қоса, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді міндеттейді.