«Бастауыш сынып оқушыларына арналған жазғы мектептегі қызықты тапсырмалар», «Мәтінді түсініп оқуға арналған жаттығулар»
Дата: 2022-06-02 00:10:49
2022 жылдың 12,13- мамырында Балқаш қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 25 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімдері Серикбек Гульзат Омирсериковна, Башарова Асем Бектауовна ZOOM платформасы арқылы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларына арналған жазғы мектептегі қызықты тапсырмалар», «Мәтінді түсініп оқуға арналған жаттығулар» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Серикбек Г.О. Workshop-та жазғы мектептегі оқушылардың уақыттарын қызықты өткізу, оқу мақсатына жеңіл қол жеткізу үшін оқушыларға қызықты математикалық бояу парақтары, математикалық ребустар мен сөзжұмбақтар, математикалық ойлауларын дамыту тапсырмалары көрсетті. Тек жаттығулар ғана емес, сандық ресурстармен Wordwoll, Grand Prix Multiplication (https://www.mathplayground.com) қызықты тапсырмаларды көрсетті.
Башарова А.Б. әріптестерімен сөйлем деңгейінде мәтінді түсінуге бағытталған жаттығулар (буындары жетіспейтін мәтінді оқу, жетіспейтін сөздері бар мәтінді оқу, жоғары жағы «жасырылған» сөйлемдерді табу, суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын анықтау, мәтінді шығармашылық түрлендіру, шығарма кейіпкерлерінің бірінің атынан мәтінді мазмұндау, оқиғаларды болжау т.с.с. мәтінді түсінуге арналған жаттығуларымен бөлісті.