«Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік іс-шара

Дата: 2022-06-02 00:56:13

Тақырыбы: "Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы"

Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға тәрбиелеу.

1 маусым сағат 10.00-де «Жасдәурен» жазғы алаңының 30 тәрбиеленушісіне арналған мерекелік іс-шара өз бастауын алды. Балаларымызды «Балаларды қорғау» күнімен құттықтаймыз!

Бақшаға біз гүл ексек,

Балдырғаным, сен үшін,

Бақытыңды жыр етсек,

Балдырғаным, сен үшін

Жігіт болар, күні ертең

Балдырғаным, гүл еркем

Бақытты бол, өсе бер,

Құтты болсын мерекең! –деп, «Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік іс-шарамызды бастадық.

Бүгін мектебіміздегі «Жасдәурен» жазғы алаңының ашылуына арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды:

1. «Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара.

2. «Жас дәурен-2022» жазғы алаңының ашылу салтанаты.

3. «Біз бақытты бүлдіршін» атты асфальтта сурет салу сайысы.

4. «Кім жылдам?» спорттық ойындар

5. Флешмоб.

6. «Аман-есен жүрейік, жол тәртібін білейік» тақырыбында үгіт-насихат жүргізу.

7. «Қауіпсіз жаз-2022» атты Балқаш қаласының арнайы мамандарының ұйымдастырған іс-шараға барып қатысты.