"Кәмелетке толмағандардың мектептегі терроризм фактілерін біле тұра жалған хабарламалар үшін жауаптылығы" тақырыбында дәріс

Дата: 2022-05-30 17:37:31

09.02.2022ж "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ-де "Құқықтық сауаттылық" апталығының жоспарына сәйкес 6 "А" сынып оқушыларына "Кәмелетке толмағандардың мектептегі терроризм фактілерін біле тұра жалған хабарламалар үшін жауаптылығы" тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.