«Тәуелсіздік туы, желбіре!» атты бейнеролик байқауы
Дата: 2022-05-22 23:24:05
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 10.12.2021 жылы 5-10 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік туы, желбіре!» атты бейнеролик байқауы өтті.
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
"Тәуелсіздік туы желбіре!" атты мектепшілік 5-7 сынып оқушылары арасында мектепшілік бейнероликтер сайысында:
I орын: 6 «А» сыныбы
II орын: 6 «Б» сыныбы
III орын: 5 «А» сыныбы
Бейнеролик сайысына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды:
5 «Б» сыныбы
7 «А» сыныбы
7 «Б» сыныбы
"Тәуелсіздік туы желбіре!" атты мектепшілік 8-10 сынып оқушылары арасында мектепшілік бейнероликтер сайысында:
I орын: 10 сыныбы
II орын: 9 «А» сыныбы
III орын: 8 «Б» сыныбы
Бейнеролик сайысына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды:
8 «А» сыныбы
9 «А» сыныбы