Размер шрифта:

«Спорт – өмір көркі» атты шығармашылық сурет байқауы

Дата: 2022-05-22 18:02:13

Денсаулық – бұл адамның ұзақ өмір сүруінің негізі болып табылатын физикалық және рухани қасиеттері.

Өз денсаулығын нығайту, өзін шынықтыру, салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, әрқашан өміршең болу және айналасындағыларға жақсылық жасау.

Денсаулық – бұл ең үлкен байлық және оны сақтау керек. Спортпен айналысу қуаныш пен рахат әкеледі. Спортпен айналысатын адам тек физикалық қана емес, ақыл-ой жағынан да дамиды, интеллект артады!

2022 жылдың 20 сәуірі мен 22 сәуірі аралығында Мектеп Парламентінің "Спорт және салауатты өмір салты" фракциясы депутатының ұйымдастыруымен 0-5 сыныптар арасында «Спорт – өмір көркі» атты шығармашылық сурет байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша:

I орын – 0 «А» сыныбы Жұмаш Еркеназ; 2 «Б» сыныбы Жумашева Альмира;

II орын - 0 «А» сынып оқушылары Дюсембаев Аният, Игілік Сырым, Тютебай Расул, Асхат Аделя, 3 «А» сынып оқушысы Сабазбай Абдуллах, 3 «Б» сынып оқушылары Несіпбек Диана, Танырбергенов Санжар.