«Қыс келбеті» тақырыбында шығармашылық сурет байқауы

Дата: 2022-05-21 15:02:46

2022 жылдың 20-24 қаңтар аралығында Мектеп парламентінің «Экология және еңбек» фракциясы депутаттарының ұйымдастыруымен «Қыс келбеті» тақырыбында шығармашылық сурет байқауы өтті. Дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарға ынталандыру. Балалардың шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндіктерін ашу. Сонымен қатар жасөспірімдерді бейнелеу өнеріне баулып, патриоттық көзқарастарын қалыптастырып, туындыларын көпшілікке жария ету мүмкіндігін ұсыну арқылы жас суретшілердің белсенділігін арттыру бұл сурет байқауының басты мақсаты болды.

Бұл сурет байқауында бүлдіршіндер қыс мезгілінің табиғатын ерекше етіп көрсетіп, бейнелей білді. Балалар өздерінің қиялдарындағы қыстың әдемі келбетін қағаз бетіне ерекше бейнелермен бейнелеуге тырысты. Жас суретшілердің суреттері қиялға бай, әдемі, табиғаттың қысқы ертегідегідей кейпін өздері қалай көріп сезінсе, сол қалпында бейнелеген.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

I орын – «Ғажайып қыс» номинациясымен 0 «Б» сыныбы Рахман Тахмина; «Қысқы пейзаж» номинациясымен 7 «Б» сынып оқушысы Садуақасқызы Айжан;

II орын – «Менің қысқы өлкем» номинациясымен 5 «Б» сынып оқушысы Ордабек Айсұлу;

III орын - 5 «Б» сынып оқушысы Дәріғұл Әлижан;