«Қыс қызықтары» атты фотоколлаж байқауы

Дата: 2022-05-21 14:55:00

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.

2022 жылдың 20 қаңтар мен 23 қаңтар аралығында Мектеп парламентінің «Мәдениет және өнер» фракциясы депутаттарының ұйымдастыруымен «Қыс қызықтары» атты фотоколлаж байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты шынығу арқылы спортқа, салауаттылыққа, еңбек пен өнерге баулу. Табиғат тамашаларын тани білуге, әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктерін бағалауға тәрбиелеу. Ел болашағы-балалардың дені сау, салауатты болуларына ықпал ету. Байқауға қатысушылар қыс мезгіліндегі ерекше қызықты сәттерінің фотосуреттерін ұсынды.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

I орын – 0 «А» сыныбы Сайранқызы Сабина, Серикбаева Аянат; 0 «Б» сыныбы Рахман Тахмина;

II орын - 0 «А» сыныбы Дюсембаев Аният, Әлімхан Алиар;

III орын – 1 «А» сынып оқушысы Нығыман Аида; 2 «А» сынып оқушысы Нығыман Гүлайым;