"Әке - отбасының алтын діңгегі" тақырыбында әкелер отырысы
Дата: 2022-05-20 09:06:57
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке - бәйтерек» дейміз. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – әке. 2022 жылдың 13 мамыр күні сағат 17.00-де "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ-де "Әке - отбасының алтын діңгегі" тақырыбында әкелер отырысы өтті. Отырыс барысында директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары М.М.Жолдасбекова әкенің отбасындағы рөлі, маңызы туралы айтып өтіп, бала тәрбиесіне әкенің қаншалықты көңіл бөлетінін білу мақсатында "Жіп орамасы", "Ауызша волейбол" тренингтері ұйымдастырылып, ситуациялық сұрақтар қойылды, интерактивті тақтадан "Әке 1 сағат уақытыңды сатып алайыншы" атты бейнеролигі көрсетілді. Отырысты әрі қарай өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Б.Т.Касатова "Тыныштық сәтімен" жалғастырды. Отырыстың соңында алдағы уақытта ата-аналар бала тәрбиесіне көңіл бөлетінін, тәрбиелік іс шараларға белсене қатысатынын айтып, ой түйді.