Мектеп күні - 2022

Дата: 2022-05-17 18:46:30

Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде 2021-2022 оқу жылының 19 сәуірі күні дәстүрлі «Мектеп күні» іс-шарасының ІІ кезеңі өтті. Мектеп күнінің жоспарына сәйкес бастауыш сыныптарда мектеп кітапханасында бастауыш сынып мұғалімі Г.О.Серікбектің және мектеп кітапханашысы Б.К.Қазбекованың жетекшілік етуімен «Оқырман отбасы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Орта буын 5-9 сыныптары арасында «TEAMBUILDING» әдісі арқылы бірлескен жұмысты 6 "Б" сынып жетекшісі Б.Б.Дүйсембаева, «Жас сарбаз» патриоттық-әскери клубының жұмысын А.А.Аскаров, «Адал Ұрпақ» клубының жұмысын аға тәлімгер Э.Н.Мағден және «Қуыршақ» театрының жұмысын 6 "А" сынып жетекшісі Д.Ж.Сагымбекова көрсетті. Жоғарғы буын 10-11 сыныптар арасында «Қазақстан мектептерінде еркін форманы қолдайды» тақырыбында дебат жұмысын А.Маратұлы көрсетті. Әр өткізілген іс-шара өз деңгейінде өтті. Мектеп күні іс-шарасының өткізілуіне өз үлесін қосқан ұстаздар мен оқушыларымызға, ата-аналарымызға алғысымыз шексіз.