Ұлттық ойындар
Date: 2022-05-17 17:01:09
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады.
2022 жылдың 17-наурызы күні «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сатиев К.А ұйымдастыруымен 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен ұлттық ойындар арқан тартыс, асық ату, тоғыз құмалақтан спорттық іс-шаралар өткізілді.