Размер шрифта:

Сынып сағаттары

Дата: 2022-05-16 17:46:57

 

2022 жылдың 21-ақпан күні "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ-де 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті:

1 "Б" сыныбы "ЖҚЕ. Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды" тәрбие сағаты

3 "АБ" сыныбы "Менің отбасымның бастауы" атты тақырыбында тәрбие сағаты

Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу.

4 "АБ" сыныбы «Досыңа қуаныш сыйла» тақырыбында тәрбие сағаты

Мақсаты: 1. Балаларға достық, өзара сыйластық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру, бір-бірімен тату болуға үйрету. 2. Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту. Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

5 "АБ" сыныбы "Ата-анам мені түсінбейді. Не істеу керек?" тақырыбында тәрбие сағаты Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

7 "А" сыныбы "Жол ережелері", 8 "Б" сыныбы "Жол ережелері қауіпсіздігі" тақырыбында сынып сағаты  Мақсаты: жол қауіпсіздік ережелеріне толық түсінік беру.

9 "А" сыныбы "Сіздің таңдауыңыз: Мен қалаймын + аламын+ маған керек" тақырыбында тәрбие сағаты Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдауда әсер ететін факторлар жайында түсінік беру

10-сынып "Біздің эмоцияларымыз" тақырыбында тәрбие сағаты

Мақсаты: оқушылардың эмоционалдық сана, ерекшеліктері мен эмоциялар туралы білімдерін кеңейту.