Мемлекеттік қызмет көрсету есебі 2021 – 2022 жыл

Дата: 2022-04-22 16:13:46

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы №564 бұйрығына сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы». Үкіметтің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізілімі, білім беру қағидаларына сәйкес, Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:

1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (жауапты Зейноллаева Т.Ж хатшы);

2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау    (жауапты-Сағатбекова Г.Б,  директордың оқу ісі жөнінідегі орынбасары);

3.Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру (жауаптыЗейноллаева Т.Ж, хатшы);

4.«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну» (жауапты әлеуметтік-педагог  Касатова Б.Т.) ;

Мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады.

Халықты ақпараттандыру үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ережелері мен стандарттары бар.

Қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары:

 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

 3) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

 4) мемлекеттік қызметті уақтылы ұсыну;

 5) әдептілік және сыпайылық.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту, оларды көрсету мерзімін бұзу болған жоқ. Шағымдар түскен жоқ.