"Адалдық - ардың ісі" атты шығармашылық сурет байқауы
Дата: 2022-04-06 08:27:35
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. «Адалдық» деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.
2022 жылдың 4 ақпанымен 7 ақпаны аралығында Адал Ұрпақ клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Адалдық – ардың ісі» атты шығармашылық сурет байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру; адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету; адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
I орын – 2 «Б» сынып оқушысы Ханатұлы Нұрбақыт; 3 «Б» сынып оқушылары Несіпбек Диана, Танырбергенов Санжар, Тұрлыбекова Айсұлу;
II орын - 3 «Б» сынып оқушысы Курманбеков Мухамедали; 4 «А» сынып оқушысы Әділбекова Гүлнұр;
III орын – 3 «Б» сынып оқушысы Байкенжина Айсара;
Адалдық – адам мінезіндегі бағалы қасиет; адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы. Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым - түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.