«Отаныма игі істер» акциясы

Дата: 2022-02-19 10:14:40

Қайырымдылық жасау үшін ерекше қабілет пен керемет мүмкіндіктердің қажеті жоқ. Жақсылық жасау – барлық қарапайым адамның қолынан келетін іс. Демек, ол әр адамның қолынан келеді. Бұл – игілігі зор, қайырымдылығы мол ізгі шара. ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Отаныма игі істер» акциясы аясында мектебімізде Мектеп парламентінің «Қамқорлық» фракциясы мүшесінің ұйымдастыруымен 3-4 сынып оқушыларымен «Гүлдерге қамқорлық жасайық!» акциясы өткізілді. Оқушылар сынып бөлмесіндегі гүлдерді күтіп баптап, көбейтуге үндеу тастады. Мектеп оқушыларын «Гүлдерге қамқорлық жасайық!» акциясына қосылуға шақырды. Акцияға жақсылық жасауға ұмтылған кез келген адам қатыса алады.