«Менің қалам – менің мақтанышым» атты суреттер байқауы

Дата: 2022-02-18 13:59:11

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, мақтанышқа, оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз пікірлерін ашық жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында «Менің қалам – менің мақтанышым» атты суреттер байқауы өткізілді.

Байқауға 3 «Б» сынып оқушылары қатысып, келесідей номинациялармен марапатталды:

 «Үздік суретші» номинациясымен Байкенжина Айсара;

 «Ғажайып туынды» номинациясымен Бейбіт Айару;

 «Креативті сурет» номинациясымен Есберген Аңсар;

 «Жас шебер» номинациясымен Мадиярқызы Гауһар, Қауымбек Ботагөз, Шайхенов Алижан марапатталды.