«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» атты акциясы

Дата: 2022-02-18 12:58:38

Аға тәлімгер мен кітапхана меңгерушісінің жетекшілігімен «Құқық және тәртіп» фракцияларының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» атты акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – оқушыларға оқулықты ұқыпты, таза ұстауға шақыру. Оқулықтың маңыздылығын түсіндіру.

Акция барысында 2-11 сынып оқушыларының оқулықтарының жағдайы тексерілді. Тексеріс барысында кітапхана меңгерушісі Казбекова Б.К. оқушыларға ескертулер айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқулықты таза, ұқыпты ұстауға шақырды.

КІТАП КҮТУ, ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.Оқулықтарды мұқамен қаптаңыз.

2. Оқулыққа бетбелгі қосыңыз.

3. Інілер мен қарындастардың оқулықтарына қамқорлық жасаңыз.

4. Оқулықтарды үй жануарларынан қорғаңыз.

5. Оқулықтағы беттерді жыртып алмаңыз. Оқу кезінде оқулықты майыстырмаңыз.

6. Оқулық беттеріне қаламмен белгі қоймаңыз.

7. Келесі бетін ашқанда, ақырын, оң жақ жоғарғы бұрышынан айналдырыңыз.

Жыртылған беттерді бірден жабыстырыңыз.

8. Оқулықты тапсырған кезде барлық жазбаларыңызды өшіріңіз, қажет болса оқулықты желімдеңіз (тек ПВА желімімен).

9. Есіңізде болсын! Егер оқулық жоғалса немесе бүлінсе, оны жаңасына ауыстыру қажет.