Размер шрифта:

«Жемқорлықпен қалай күресеміз?» атты пікір-сайыс

Дата: 2022-02-04 09:37:19

2022 жылдың 20-қаңтар күні аға тәлімгер Мағден Э.Н. және дебат клубының жетекшісі Маратұлы Асланның ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларымен «Жемқорлықпен қалай күресеміз?» тақырыбында пікір-сайыс өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.