«Математика адам өмірінде» ( «Сандар күні», «Сандарды қалай дұрыс қолдану керек?" тақырыбында сынып сағаты

Дата: 2022-02-01 12:01:35

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу -әдістемелік орталығының және Балқаш қаласы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ -де " Математика біздің айналамызда" математикалық сауаттылық апталығының мектепішілік жоспарына сәйкес 3 «Б» сынып оқушылары арасында «Математика адам өмірінде» ( «Сандар күні», «Сандарды қалай дұрыс қолдану керек?» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Мақсаты: оқушыларды математика саласындағы жаңалықтармен таныстыра отырып, математиканың адам өміріндегі маңызын ұғындырып , оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру.