"Тауып көрші" атты интеллектуалды ойын
Дата: 2022-02-01 10:50:18
28.01.2022 жылы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-інде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Математика біздің айналамызда» математика сауаттылығы апталығының мектепішілік іс-шарасының соңғы күнгі жоспарына сәйкес мектепалды даярлық тобының 0 «Б» тәрбиеленушілері арасында «Тауып көрші» атты интеллектуалды ойын өтті. Мақсаты: балалардың математикалық білім мен ұғымдар негізінде ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру. 6, 7, 8 сандарының құрамымен таныстыру. Сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру.Балаларды ойын ойнату арқылы ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту. Балаларды тапқырлыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.