«Ойшылдар мен ақылдылар» танымдық ойыны
Дата: 2022-02-01 10:35:53
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-інде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Математика біздің айналамызда» математика сауаттылығы апталығының мектепішілік жоспарына сәйкес 2-сынып білім алушылары арасында «Ойшылдар мен ақылдылар» танымдық ойыны өткізілді. Оқушылар Wordwell платформасында құрастырылған логикалық және көбейту, бөлу амалдарына арналған қызықты тапсырмаларды орындады.
Мақсаты: білім алушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Ойын тапсырмалары қызықты және қатысқан барлық оқушыларға өте танымды болды.