«Отбасыммен мақтанамын» атты фотоколлаж байқауы өткізілгені туралы АҚПАР
Дата: 2022-01-13 22:01:51
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Осыған орай 2021 жылдың қыркүйек айының 7-10 күндері аралығында «Отбасыммен мақтанамын» атты фотоколлаж байқауы өтізілді. Қатысушылар өз отбасыларының естелік фотосуреттерімен бөлісіп, отбасылық бақыт сезімдерін көрсетті.