Педагогикалық кеңес

Дата: 2022-01-13 16:00:32

2022 жылдың қаңтар айының 13-і күні Балқаш қаласы білім бөлімінің  Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде кезекті педагогикалық кеңес өтті.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Сағатбекова білімалушылардың І тоқсандағы оқу қызметінің қортындысын талдау бойынша әр сыныпқа  жеке тоқтала отырып, ІІ жартыжылдықта білім сапасын төмен көрсеткен сыныптарға әдістемелік көмек көрсету, сабақтарға қатысу арқылы жүзеге асырылатындығын айтып өтті. Мектеп директорының міндетін атқарушы М.М.Жолдасбекова білім сапасы бойынша төмен көрсеткіш көрсетіп отырған сыныптардың ата-анасымен, сынып жетекші арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жақсартып, оқу сауаттылығы мен оқушылардың жазу каллиграфиясына ерекше мән беру керектігін баса айтты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында оқушыларды тәрбиелеу жүйесіндегі сынып жетекшісінің рөлі тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Ж.Мусаханова мен сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі С.М.Құсылбек  өз баяндамасын ұсынды. Бағдарламаның маңыздылығына тоқталды.

«Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздері туралы» директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Д.Ж.Мусаханова  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық Заңының орындалуы туралы тоқталып,І жартыжылдықта өткізілген іс-шараларға туралы айтып өтті.