«Жасөспірім және заң» атты тақырыбында дөңгелек үстел

Дата: 2021-12-01 17:23:03

«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық айлық іс-шара жоспарына сәйкес «Құқық және тәртіп» фракция мүшесінің ұйымдастыруымен Адал Ұрпақ мүшелерімен «Жасөспірім және заң» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

Дөңгелек үстел барысында ең өзекті мәселелер; бала құқықтары туралы, бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі мәселелері талқыланып, таныстырылды. «Адам құқығы әрбір адам үшін және жалпы ел үшін маңызды. Алайда, адам құқығы мен бостандығы қамқорлықты қажет етеді. Бала жастан өз құқықтарын пайдалана отырып, өзге адамның құқығына қол сұқпауға, заңды шеңберден шықпауды үйрену керек. Дүниежүзі балаларының құқықтары тең екендігі жайлы құжаттың негізгі бағыттары атап өтілді. Дөңгелек үстелге барлық қатысушылар белсенді түрде қатысты, сұрақтар қойды және оларға түсіндірме жауаптар берілді. «Балалар өз құқықтары мен міндеттерін, заңдарды неғұрлым жақсы білсе, соғұрлым өмірдегі жолдары жақсы болады және қазіргі заманғы күрделі қоғамдық қатынастар ортасында өздерін сенімді ұстай біледі» – «Балалар құқығы – адамдар құқығы» дөңгелек үстелінің қорытынды ой түйіні осындай болды. Өйткені, біздің жеке құқықтарымыз бұзылмауы үшін, біз басқа адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмеуіміз тиіс. Өзіңді құрмет тұтқанын қаласаң, өзгелердің құқығын құрметтей біл.