"Достық пен ынтымақтастықты дәріптеу" атты сурет байқауы
Дата: 2021-11-23 16:23:17
1-мамыр бірлік күніне орай Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қашықтықтан "Достық пен ынтымақтастықты дәріптеу" атты сурет байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Байқаудың нәтижесі бойынша: 1 "А" сынып оқушысы Серикбаева Наргиза - III орынмен, 3 "Б" сынып оқушысы Тұрлыбек Дамир - I орынмен марапатталды.