«Кел, балалар оқылық!» салтанатты сап жиыны

Дата: 2021-11-23 12:45:26

01.09.2021 жылы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де  «Кел, балалар оқылық!» тақырыбында 1- сыныптардың қатысуымен салтанатты сап жиыны өтті. Салтанатты жиынды мектеп директорының міндетін атқарушы Жолдасбекова М.М құттықтау сөзімен бастады. 1- сынып бүлдіршіндері тақпақтарын айтты, сынып жетекшілері оқушыларға «Әліппе» оқулығын салтанатты түрде табыстады. Мерекелік іс- шара соңында  мектебіміздің 8 «А» сынып оқушысы Жазыбеков Ерасыл «Туған ел» әнімен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.