Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған іс-шаралар бағдарламасының аясында 7-11 сынып оқушылары ZOOM платформасы арқылы "Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайына" виртуалды саяхат жасады

Дата: 2021-10-05 19:18:38

  2021 жылдың 4 қазан күні  Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған іс-шаралар  бағдарламасының аясында   7-11 сынып оқушылары ZOOM платформасы арқылы "Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайына" виртуалды саяхат жасады. Виртуалды музей арқылы оқушылар Ы Алтынсариннің өмірімен жақын танысып, Қостанайдың киелі жерлерімен танысты. Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды виртуалды мұражайға саяхат жасау арқылы таныстыру.