Жазғы мектеп

Дата: 2021-06-11 09:20:08

  "Балқаш қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №25ЖББ мектебі" КММ-ісінде 26 мамыр мен 19 маусым аралығында  оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін "Жазғы мектеп" жұмыс істеуде. "Жазғы мектеп" жұмысы танымдық және ойын-сауық іс-шараларына толы, бұл баланың миына шамадан тыс жүктеме жасамау үшін, бірақ оқушының тақырыпты меңгеру үшін қолайлы жағдай жасалған. Жоспарға сай мектеп білім алушылары күнделікті бастауыш сыныптарда оқушылардың көркем жазуға  және логикалық ойлауын дамытуға, оқу жылдамдығын арттыруға бағытталған сабақтар жүргізілсе, 5-10 сынып оқушылары оқу жылында өткен күрделі тақырыптарды оңай және қызықты формада игеруде. Балаларға ойын, сахналық қойылым, саяхат сабақтар, т.с.с.  қосымша сабақтар ұйымдастырылған