«Отбасы – бақыт мекені»
Дата: 2021-05-19 08:20:56
«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де 2021 жылдың мамыр айының 14-і күні «Отбасы – бақыт мекені» атты іс-шаралар жоспарына сәйкес 2 «Б», 4 «А», 4 «Б», 5 «А», 5 «Б», 6 «Б», 8 «Б» сыныптарында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.
Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.