«Балқаш көпсалалы колледжінің» директордың оқу ісі жөнінен орынбасары Хамитова Шолпан Сейтмагзамовнаның қатысуымен кәсіптік онлайн- кездесу ұйымдастырылды.

Дата: 2021-04-07 10:47:24

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-сі

   2021 жылдың 12 наурыз күні  кәсіби бағдар беру мақсатында «Балқаш көпсалалы колледжінің» директордың оқу ісі жөнінен орынбасары Хамитова Шолпан Сейтмагзамовнаның қатысуымен кәсіптік онлайн- кездесу ұйымдастырылды. Кәсіби сынамаға мектебіміздің 9- сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: қатысушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу.

Кәсіби сынаманы өткізу барысында қатысушылар өздерінің сұрақтарына жауап ала алды. Сынақтың соңында алған ақпаратты зерделеу үшін оқушыларға буклеттер таратылды.