«ЖАС САРБАЗ» ЖАСӨСПІРІМДЕР ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖАРҒЫСЫ

Дата: 2021-04-05 10:42:26
  1. Жалпы ережелер

 1.1«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі «Бірлестік» деп аталады) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жалпы мүдделерді білдіретін, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, білім беру мекемелерінің, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін өз қатарында біріктіретін үкіметтік емес, саяси емес, кәсіби емес ұйымдар нысанында Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамасы бойынша құрылды. 

1.2  Бірлестіктің толық ресми атауы:

Мемлекеттік тілде: «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі.

Орыс тілінде: Республиканское общественное объединение «Детско-юношеское военно-патриотическое движение «Жас Сарбаз».

Қысқартылған ресми атауы:

Мемлекеттік тілде: «Жас Сарбаз» ЖӘПҚ РҚБ

Орыс тілінде: РОО ДЮВПД «Жас Сарбаз»

1.3 «Бірлестік» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Жарғыны басшылыққа алады. 

1.4 «Бірлестік» қызметі еріктілік, тең құқылық, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылыққа негізделген. 

1.5 «Бірлестік» Республикалық қоғамдық бірлестігі мәртебесіне ие. «Бірлестіктің» филиалдары облыстардың жарты аумағында құрылған. 

1.6 «Бірлестік» қызметінің мерзімі шектелмеген.  

1.7  «Бірлестіктің» орналасқан жері (мекенжайы) – 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, Республика даңғылы, 2. 

 

  1. «Бірлестік» қызметінің мақсаты мен мәні

 

2.1 «Бірлестік» мақсатта құрылған:

2.1.1 Өскелең ұрпақты жоғары азаматтық белсенділікке, патриотизмге, кереғар идеяларға қарсы тұруға тәрбиелеу.

2.1.2  Әскери қызметке шақыру жасына дейінгі жастардың Отан қорғауға және әскери қызметке деген оң уәждемесін дамытуды қамтамасыз етуге қабілетті бірыңғай мамандандырылған оқу-тәрбие процесін қалыптастыру, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке даярлау мүддесінде қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру.

2.1.3  Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында дене шынықтыру мен әскери-қолданбалы спорт түрлерін танымал ету.

 

 

 

2.2 «Бірлестік» қызметінің мәні:

2.2.1 Жастардың әлеуметтік, мәдени, рухани-адамгершілік және физикалық дамуы үшін жағдай жасау бойынша мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.

2.2.2  Қазақстанның тарихы мен әскери-патриоттық мұрасын зерттеу, өлкетануды дамыту.

2.2.3 Жастарды дене шынықтыру мен спортқа белсенді түрде тарту, әскери-қолданбалы спорт түрлерін танымал ету. 

2.2.4 Жастарды әскери-техникалық білімге және техникалық шығармашылыққа баулу.  

2.2.5 «Бірлестіктің»материалдық-техникалық базасын дамыту.  

2.2.6 Жастар арасында білім беру, спорттық, мәдени және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру; 

2.2.7 Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі заңнаманы, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу.

2.2.8 Әскер жасына дейінгі жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту.

2.2.9 Жарғылық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған перспективалық жобаларды қолдау және іске асыру.

2.2.10 «Бірлестік» және оның филиалдарының қызметін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін, сондай-ақ «Бірлестіктің» мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға белсенді қатысқаны үшін «Жас Сарбаз» ЖӘПҚ               РҚБ-ның марапаттарын тағайындау және тапсыру.

 

III.  «Бірлестіктің» мүлкі және қорлары

 

3.1«Бірлестіктің» меншігінде осы Жарғыда көзделген қызметті қамтамасыз ету үшін қажетті ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, мүкәммал, мәдени-ағарту және сауықтыру мақсатындағы мүлік, ақша қаражаты, акциялар, басқа да бағалы қағаздар мен өзге де мүлік болуы мүмкін. Филиалдар заңды тұлғалар болып табылмайды. Оларды құрған заңды тұлға оларға мүлік береді жәнемүлікті сенімгерлікпен басқару шарттары, заңды тұлға бекіткен Ережелер негізінде әрекет етеді.      

3.2 «Бірлестіктің» ақша қаражаты құрылады:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қаржыландырудан;  

 Заңнамада белгіленген тәртіппен тауарларды сатудан, жұмыстардан, қызмет көрсетулерден, «Бірлестіктің» баспа қызметінен түскен кірістер мен пайдалардан;     

басқа ұйымдардың құрылтайшыларынан («Бірлестіктің» қатысушылары мен мүшелерінен) және жекелеген азаматтардан түскен ерікті жарналардан (қайырымдылықтар);   

 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар жеке құрамының ерікті аударымдары; 

«Бірлестік» пайдасына қайырымдылық іс-шараларын, кештерді, концерттерді, дәрістерді, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған басқа да түсімдерді өткізуден алынған қаражат; 

 дивидендтер бойынша алынған акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер); 

басқа да заңмен тыйым салынбаған түсімдер.

3.3 «Бірлестіктің» қаражаты Жарғыда көзделген мақсаттарға ғана пайдаланылады және оның мүшелері арасында қайта бөлуге жатпайды.

 

 

IV«Бірлестіктің» құрылымы және басқару органдары

 

4.1«Бірлестіктің» құрылымдық бөлімшелері бар.

4.2  «Бірлестік» құрылымы: 

жоғары орган – «Бірлестік» мүшелерінің жалпы жиналысы;

басқарушы орган – «Бірлестіктің» Республикалық және өңірлік штабтары; 

атқарушы орган – «Бірлестік» Аппараты;

бақылау органы - бақылау-тексеру комиссиясы. 

4.3 «Бірлестіктің» басқару және бақылау органдарының құзыреті, жұмыс регламенті Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес айқындалады.  

4.4 Басқару органдарының өкілеттік мерзімі - 5 (бес) жыл. 

 

V. «Бірлестік» мүшелерінің жалпы жиналысы

 

 5.1  «Бірлестіктің» жоғары органы қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде екі жылда бір рет шақырылатын Жалпы жиналыс (бұдан әрі – Жиналыс) болып табылады.  Жиналысты өткізу күні мен орны және күн тәртібі Республикалық штабтың шешімімен айқындалады. Республикалық штаб жалпы жиналыстың өткізілетін орны мен уақытын айқындайды. 

5.2 Кезектен тыс жиналыс «Бірлестік» төрағасының бастамасы бойынша немесе «Бірлестік» мүшелерінің кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша шақырылады. 

5.3 Егер сайланған делегаттар мүшесінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, Жиналыс заңды болып табылады. Егер Жиналысқа қатысушылардың 50% дауыс берсе, шешімдер қабылданды деп есептеледі.  

5.4  Дауыс беру нысанын жиналыс айқындайды. Хаттаманы жүргізу үшін Хатшылық сайланады.

5.5 Жиналыстың айрықша құзыретіне жатады:   

 «Бірлестік» қызметінің басым бағыттарын және мүлікті құру және орындау қағидаларын айқындау;  

«Бірлестіктің» Халықаралық ұйымдарға, заңды тұлғалар бірлестігіне кіруі туралы шешімдер қабылдау;  

 «Бірлестіктің» Республикалық штабын сайлау, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, жаңа мүшелерді сайлау; 

 Республикалық штабтың төрағасын және Орталық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасын бекіту; 

«Бірлестіктің» Республикалық штабы төрағасының қызметі туралы ақпаратты тыңдау;  

«Бірлестік» Республикалық штабының жұмысы туралы, оның ішінде қаржылық қызметі туралы есептерді бекіту;

«Бірлестіктің» бағдарламалық құжаттарын бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;  

«Бірлестікті» қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

осы Жарғы  шеңберінде «Бірлестік» қызметінің мәселелері бойынша өзге де шешімдер қабылдау.  

 

 

 

VI. «Бірлестіктің» Республикалық және өңірлік штабтары

 

6.1 Осы Жарғыға сәйкес «Бірлестіктің» басқарушы органы Республикалық және өңірлік штабтар болып табылады. 

Республикалық және өңірлік штабтар тұрақты негізде алқалық орган болып табылады. 

Республикалық және аймақтық штабтарға 18 жасқа толған «Бірлестік» мүшелері сайланады.  

Республикалық және өңірлік штабтар «Жас Сарбаз» жастар әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенді қатысушылары, мүдделі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, БАҚ және белгілі қоғам қайраткерлері қатарынан құрылады. 

Республикалық штаб: 

жалпы Жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды, оның ішінде өкілдіктің нормасын, бірлестіктің өңірлік филиалдарынан жалпы Жиналыстың делегаттарын сайлау тәртібін анықтайды;

«Бірлестік» қызметінің негізгі бағыттары бойынша бағдарламалар мен жобаларды бекітеді; 

«Бірлестіктің» өңірлік штабтарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдайды;

«Бірлестіктің» филиалдары мен өкілдіктерін құру туралы шешім қабылдайды;

«Бірлестіктің» жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін одақтарға (қауымдастықтарға), қоғамдық бірлестіктерге кіру және олардан шығу туралы шешім қабылдайды;

қызметінің бағыттары бойынша Республикалық және өңірлік штабтар төрағасының және орынбасарының кандидатураларына сайлаушылар санын белгілейді, олардың қызметі туралы есептерді тыңдайды және бекітеді, олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;

«Бірлестіктің» және филиалдардың жылдық жоспарын бекітеді;

Жарғыға және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Өңірлік штабтар қызметін Республикалық штабтың шешіміне сәйкес жүзеге асырады.

«Бірлестіктің» өңірлік штабтарында жарғылары жоқ, осы Жарғының негізінде өзі белгілеген өкілеттіктер шегінде басшылыққа алады және әрекет етеді.

6.2 «Бірлестік» Республикалық штабының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі. «Бірлестіктің» Республикалық штабының мәжілістерін Республикалық штабтың төрағасы шақырады.  

6.3 Егер штаб мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, Республикалық штаб отырысы заңды болады. Қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру нысанын Республикалық штаб айқындайды. Барлық шешімдер Республикалық штаб мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Республикалық штаб отырысының хаттамасына хаттаманы жүргізуші, төрағалық етуші және хатшы қол қояды.

6.4 Ұсынылып отырған күн тәртібі (күн тәртібіне өзгерістер) штаб отырысы басталғанға дейін кемінде 10 (он) күн бұрын барлық қажетті ақпаратпен және материалдармен, күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізу туралы ұсыныстар енгізу мүмкіндігін, сондай-ақ дауыс беру рәсімінің аяқталу мерзімін көрсете отырып, Республикалық штабтың барлық мүшелерінің назарына жеткізіледі. 

 

VII. «Бірлестіктің» төрағасы

 

7.1  «Бірлестіктің» төрағасы Республикалық штаб мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады және «Бірлестіктің» Жалпы жиналысында 5 жыл мерзіміне бекітіледі. «Бірлестікке» жалпы басшылықты жүзеге асырады.

«Бірлестіктің» төрағасы:

Республикалық штаб отырысын шақырады және оған төрағалық етеді, оның шешімдеріне қол қояды; 

«Бірлестіктің» Жалпы жиналыстарында төрағалық етеді;

Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда «Бірлестікті» ұсынып көрсетеді; 

ұйымдастыру-өкімдік функцияларды орындайды және «Бірлестік» атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

«Бірлестік» атынан қажетті құжаттарға қол қояды, сенімхаттар береді;

 «Бірлестіктің» Атқарушы директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

«Бірлестіктің» Жалпы жиналысында және Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің басшысына есеп береді.