«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-де «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» атты тақырыпта Адал Ұрпақ мүшелерімен шығарма байқауы өткізілгені туралы АҚПАР
Дата: 2021-03-15 09:55:37
Мемлекеттік қызмет өзінің мәні мен атқаратын міндетіне қарай мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір болып саналады. Осының дәлелі ретінде және мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне құрмет көрсету мақсатында Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы 23 маусымды Мемлекеттік қызметкерлер күні деп жариялаған болатын.
Қай салада болмасын, жасампаз еңбек жоғары тұруы тиіс. Елбасының «Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында атап көрсетілген өмірдің сапасының жақсаруы да тек адал еңбекке байланысты.
2021 жылдың наурыздың 2-сі күні өскелең ұрпаққа мемлекеттік қызметті түсіндіру, оның мақсаты әр азаматқа қалтқысыз қызмет ету екендігін түсіндіру мақсатында Адал Ұрпақ мүшелерімен «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» атты тақырыпта шығарма байқауы өткізілді.