Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебі" КММ 2020-2021 о.ж. «Парасатты азамат бұрышы» туралы АҚПАР

Дата: 2021-03-12 12:31:32

Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Адал  Ұрпақ»  еріктілер клубында  іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жасалуда.  Клуб мүшелері  7-11 сынып  оқушыларынан  құралған.

Мектепте оқушылар, педагогикалық ұжым, жалпы азамат үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Парасатты азамат» тақырыбында бұрыш жасалған. «Парасатты  азамат» бұрышы мектептің бірінші қабатында орналасқан.

Бұрыштың мақсаты:  жас  ұрпақты Отансүйгіштікке,  азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне  құрметпен қарауға, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға, адалдыққа  тәрбиелеу.