«15-ақпан – Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күні» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Дата: 2021-02-15 14:55:27

  Бүгін,  15.02.2021жылы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ- де 1- 11 сынып оқушыларының қатысуымен «15-ақпан – Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күні» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты:

  • Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
    “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.

  •  Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

  •  Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.

   Сынып сағатында,оқушыларға  Ауғанстан соғысы тарихы туралы айтылды, бейнефильм көрсетілді. Оқушылар соғысқа қатысқан ардагерлерге арнап өлең жолдарын оқыды. Соңында балалар елімізге, жерімізге жақсы тілек айтты.