Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Асанов Қойлыбай Дәулетқанұлымен мектебіміздің 5- 11 сынып оқушыларының қатысуымен Zoom платформасы арқылы кездесу өтті.

Дата: 2020-12-29 16:35:08

                                                                    

Қарағанды облысы бойынша «Өнегелі өмір» жобасы аясында, жетістік пен табысқа жеткен тұлғалармен кездесу, танысу мақсатында Қарағанды қаласындағы айтыскер ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Асанов Қойлыбай Дәулетқанұлымен мектебіміздің 5- 11 сынып оқушыларының қатысуымен Zoom платформасы арқылы кездесу өтті. Іс- шара барысында оқушылармен бірлесе сұхбат жүргізіліп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алды. Іс-шара барысында кездесуге қатысқан қонағымыз қонақ кәде ретінде оқушыларымызға өзінің шығарған өлеңін оқып  берді. Оқушыларымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бүгінгі өткізілген іс-шараға қорытынды жасай отырып оқушыларымызға ақыл-кеңес берді.