«Адалдық сағаты»

Дата: 2020-12-23 09:38:00

  Бүгін, 21 желтоқсан күні Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 1-11 сыныптарында «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында «Адалдық сағаты» өткізілді. Мектеп оқушылары әділеттілік пен адалдық қағидаттарын бойына сіңірген Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына, рухани-адамгершілік мұрасына арналған бейнеролигін тамашалады.

Сәкен Сейфуллин - мемлекет және саясат қайраткері, ақын және жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ ұлтының өркендеуі мен гүлденуі үшін жанын қиған біртуар адам. Ол өзінің адалдығымен, қайырымдылығымен, бейтараптығымен, ісімен және өнерімен нағыз адам - ұрпақ мұғалімі деген құрметті атағын сақтап қалды. Сәкеннің өнегелі жолы бейнефильмін көрсету арқылы оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, ақылды, шыншыл, қайырымдылық істерді бала бойына сіңірту, сыбайлас- жемқорлыққа жол бермеуге бағыттау. Адалдық сағатында оқушылар адамгершілікке байланысты өз ойларымен бөлісті.