Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген «Менің елбасым - менің мақтанышым» атты мәнерлеп оқу сайысы

Дата: 2020-12-02 17:08:35
Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген «Менің елбасым - менің мақтанышым» атты мәнерлеп оқу сайысы

2020 жылдың қараша айының 26-28 күндері аралығында мектебімізде 2-4 сыныптар арасында Тұңғыш Президент күніне орай «Менің Елбасым – менің мақтанышым» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде елбасы деген сүйіспеншілік сезімін оятуға, құрметтеуге, сондай-ақ оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу болды.

Мәнерлеп оқу сайысында келесі шарттарға көңіл бөлінді: өзін сахнада дұрыс ұстау, өлеңді жатқа айту, өлеңнің сөздерінің түсінікті болуы, мәнері, дауыс ырғағы.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі I орынмен - 2 «А» сынып оқушысы Жұмаділова Толғанай, 3 «Б» сынып оқушысы Ермекқызы Аяжан, 4 «Б» сынып оқушысы Ордабек Айсұлу;

IIорынмен – 3 «А» сынып оқушысы Бөлеген Әмина;

III  орынмен – 2 «А» сынып оқушылары Жанұзақ Інжу, Сабазбай Абдуллах, 2 «Б» сынып оқушылары Танырбергенов Санжар, Еркін Ерасыл, 3 «А» сынып оқушысы Ақан Сезім марапатталды.