9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Республикалық олимпиаданың қашықтықтан мектепішілік кезеңі болып өтті.
Дата: 2020-11-23 08:25:19
«Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ 25 мектебі»КММ-інде 2020жылдың 18-19 қараша күндері 9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Республикалық олимпиаданың қашықтықтан мектепішілік кезеңі болып өтті. Олимпиадаға мектеп бойынша жалпы 24 оқушы қатысты. Оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы,физика, география, биология,химия, адам.қоғам.құқық пәндерінен тапсырмалар орындады. Олимпиада қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылып өткізілді