2020 жылдың қараша айының 3-і күні Қарағанды облысы бойынша «Өнегелі өмір» жобасы аясында Қарағанды қаласындағы «Шалқыма» мұражайының негізін қалаушысы Игенбеков Тұңғышбай Әділбайұлымен онлайн кездесу өтті.

Дата: 2020-11-05 11:22:21

2020 жылдың қараша айының 3-і күні Қарағанды облысы бойынша «Өнегелі өмір» жобасы аясында, жетістік пен табысқа жеткен тұлғалармен кездесу, танысу мақсатында Қарағанды қаласындағы «Шалқыма» мұражайының негізін қалаушысы Игенбеков Тұңғышбай Әділбайұлымен мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Өнерлінің қолы алтын» тақырыбында онлайн режимде кездесу өтті. Іс-шара барысында оқушылармен бірлесе сұхбат жүргізіліп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алды. Іс-шара барысында кездесуге қатысқан қонағымыз қонақ кәде ретінде оқушыларымызға күй орындап берді. Оқушыларымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бүгінгі өткізілген іс-шараға қорытынды жасай отырып оқушыларымызға ақыл-кеңес берді.