Размер шрифта:

Физика пәнінің мұғалімі Дүйсембаева Жадра Бақытбайқызы ZOOM платформасымен "Электр тізбегіндегі кернеу резонансы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Дата: 2020-10-28 09:20:09

     "Балқаш қаласы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ 25 мектеп" КММ-інде облыстық "Жыл мұғалімі" сайысының қалалық кезеңінде физика пәнінің мұғалімі Дүйсембаева Жадра Бақытбайқызы ZOOM платформасымен "Электр тізбегіндегі кернеу резонансы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ 11 сынып оқушыларымен өтті. Педагог сабағында *Падлет* онлайн- тақтасын қолданып, ұйымдастыру кезеңін 3 тілде өткізді. Жаңа сабақты түсіндіріп, топтық жұмыс жасау кезінде сынып оқушыларын 3 сессиялық залға бөлді.

Рефлексияда оқушылар Jamboard тақтасына стикерге сабақ туралы өз пікірлерін, ойларын жазды.

Әріптесімізге сайыста сәттілік тілейміз!