Ы Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 26.10.2020жылы 6 «А» сыныбында «Жақсы кітап – жан азығы» жобасы аясында Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Дата: 2020-10-26 15:17:19
Ы Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 26.10.2020жылы 6 «А» сыныбында «Жақсы кітап – жан азығы» жобасы аясында Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларды Абай Құнанбаевтың өмірімен, өскен ортасымен, қара сөздерімен, өлеңдерімен, әндерімен, аудармаларымен таныстыру. Шығармаларын түсініп оқуға, танып өсуге баулу, өмірін, адамгершілік қасиеттерін үлгі ету.
Мұғалім өз сөзін мынандай тамаша өлең сөздерімен бастады.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп ойнап күлмес,
Мені мен менікінің айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес,
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артына өлмейтін сөз қалдырған Абай атамыз туралы сөз қозғаймыз.
Мұғалім Абай туралы білетін, оқыған мәліметтері туралы әңгімелесті.
Абай – дара, Абай – дана қазақта,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа.
Бар жазғаны даналық боп саналған
Жалғыздардың жалғызы ол қазақта.